11 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының өтілуі туралы мәлімет

Орал қаласының білім беру бөлімінің Асан Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы 2017-2018 оқу жылының басталуын салтанатты түрде мектеп ауласында өткізді. Салатанатты жиын сағат 900- де басталды. Оқушылар сап түзеп, Мемлекеттік Гимн орындады.

 

Салтанатты шара мынадай тарихи оқиғаларға толы тұста өтті, Қазақастан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы қабылданған, «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен «Экспо -2017» халықаралық көрмесінің ашылған жылы болып табылады.

 

Білім күнімен құттықтап келген құрметті қонақтар: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинеті әдіскері- Куспанова Жанар Наурызбаевна.

 

Мектеп – гимназия директоры Батыров Жұмагелді Қалимұлы, келген қонақтар барлық қатысушыларды  «Білім күнімен» құттықтады. «Шұғыла» би тобы мерекеге арналған қазақ биін билесе «Әуен» тобының әншілері «Ұстазым» әнін шырқады, 1 сыныпқа қабылданған оқушылар үш тілде тақпақтар оқып, арнайы «Экспо» көрмесіне арнаған биін билеп,  шар ұшырды. Алғашқы қоңырауды 1 сынып оқушысы  Жантасова Асемай мен 11-сынып оқушысы Үмбетқалиев Әділет соғып шықты.

 

А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназия табалдырығын 164 оқушы аттап, оларға сәт сапар тіленді. Салатантты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Мен- өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оған қадірменді қонақтар мен ұстаздар қатыстырылды.

 

 

                                                     ДТІЖО:      Л.М. Ирменова