БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ үшін ата-анаға кеңестер:
- Отбасында ашық жəне сенімділік ахуалын сақтауға тырысыңыз.
- Баланы үміттендіріп, орындалмайтын уəдені бермеңіз.
- Балаңызға шарт қоймаңыз.
- Балаға əсер етуде ұқыпты болыңыз.
- Өзіңізге рұқсат ететін нəрселерді бала жасаса, оны жазаламаңыз.
- Баламен қарым-қатынас барысында өз пайдаңыз үшін талаптарыңызды өзгерте бермеңіз
- Əрекетіңізбен балаңызды бопсаламаңыз.
- Əлсіздігіңіз бен сезіміңізді балаңызбен бөлісуге қорықпаңыз.
- Қарым-қатынасыңызды оқу үлгерімінің жетістіктеріне қарай орнатпаңыз.
- Баларыңызды шарт қоймай жақсы көріңіз.
- Баламен қарым-қатынаста «Мен – өкіл» ретінде қолданыңыз.
ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫН ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
- Болмашы агрессия барысында өзіңізді бір қалыпты ұстаңыз
Балаңыздың еркелігіне көңіл аудармаңыз;
балаңыздың сезімін түсінуге тырысыңыз;
көңілін басқаға аударыңыз, қандай да бір тапсырма ұсыныңыз;
- Тұлғаның өзіне емес, мінез-құлыққа назар аударыңыз
Бала тынышталғаннан кейін, агрессия кезінде өзін қалай ұстағанын, не сөйлегенін, осы себептен өзара оның мінез-құлқын талқылаңыз.
- Сынамаңыз жəне кеңес бермеңіз
Ешқандай сыни көзқарастар болмауы керек. Оларға мінез-құлқының жағымсыз салдарын көрсету қажет. Жасөспірімге агрессияның бəрінен де бұрын өзіне зиян келтіретіндігін сендіру керек.
- Өзіңіздің эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз
Агрессивті балалармен қарым-қатынас жағдайында өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды бақылауды үйреніңіз. Бала немесе жасөспірім өзінің агрессивті мінез-құлқын көрсеткенде, ол жағымсыз эмоцияны – ашулануды, ызалануды, қорқуды не-месе дəрменсіздікті тудырады. Үлкендер бұл жағымсыз мазасызданулардың орынды екенін, балаларда осы сəтте сезімдердің басым болып тұрғанын сезінуі қажет.
- Жағдайдың шиеленісуін төмендетіңіз
Сіздің негізгі мақсатыңыз – жағдайдың шиеленісуін төмендету.
- Оның агрессивті мінез-құлқын бірігіп талдаңыз
Жағдай шешіліп, барлығы сабасына түскеннен кейін, агрессивті мінез-құлықты талдауға өтіңіз. Əңгімелесу барысында байсалдылықты жəне объективтілікті сақтау өте маңызды. Агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз салдарын жəне деструктивтілігін мұқият түсіндіру керек.
- Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін көрсетіңіз
Балалар кішкентай кезінде олардың агрессивті реакциясына ата-аналардың мінез-құлқы агрессивті емес жайдарлы болуы қажет. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін балалар жылдам
қабылдайды. Басты шарт – бұл ата-аналардың шынайылығы
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУГЕ ҰСЫНЫСТАР
- Балалардағы агрессивті жүріс-тұрысті түзетуді ең алдымен ата-ана, Сізден бастау керек. Есіңізде болсын, отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.
- Бала əрбір сəтте өзін атаанасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын сезінуі қажет. Оны сүюден жəне аймалаудан ұялмаңыз.
- Басқа адамдар туралы жаман сөздер айтпаңыз, ашуға бой алдырмаңыз, тиімді мінез-құлық ерекшелігін көрсетіңіз.
- Дауыс көтеру жəне тыйым салу агрессивтілікті жеңуде тиімді нəтиже бермейді. Осындай мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нəтижеге қол жеткіземіз.
- Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.
- Балаңызға өз агрессиясын шығаруға мүмкіндік беріп,басқа нəрсеге көңіл аудартыңыз (мысалы, жастықты ұру).
- Баланың өзінөзі көрсетуге ұмтылуын басуға тырыспаңыз, түсінушілікпен қарап, ортақ бір шешімге келіңіз.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | 1 сынып ата аналарына кеңес | .pptx |
№ | Аты | Жүктеу |
---|---|---|
Балаларды қатыгездікпен қараудан жəне сексуалдық пайдаланудан | ||
Психолог қызметі |