2020-2021 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек Білім күніне қашықтықтан 1-11 сыныптар арасында «Ұлы Абай», «Абай-дара, Абай-дана» (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай), «Әл-фараби мұрасы» (ұлы ойшыл Әл-фарабидің 1150 жылдығы), «Біз денсаулықты таңдаймыз» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. «Кезекші сыныптардың» оқушылары үшін мұғалімдер өз сыныптарында, ал қашықтан оқитын оқушылар үшін әр сынып жетекші өздері таңдаған платформамен өткізді.
Сынып сағатының мақсаты: Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ету.
Сынып сағаттары Мемлекеттік Гимнмен басталып, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятты. Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын айтып шықты. Кейін оқушылардың еліміз туралы білімдерін білу мақсатында «Ой қозғау» жүргізілді. «Болашақ біздің көзбен?» сұрағына өз ойларын жеткізе білді. «Ұлы тұлға» бөлімі бойынша Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, білімдері шыңдалды.
Әр сынып жетекші алдын ала «Онлайн мектеп» платформасына салған мәліметтермен оқушылар танысып, Әл Фараби, Абай Құнанбайұлы өмірлері мен шығармашылығы, екі ғұламаның көзқарастарындағы үндестік жан-жақты қарастырылып, талқыланды. Оқушылар өздерінің ойларын, шығармашылықтарын ортаға салып, ауызша пікірлерімен бөлісіп, белсенділіктерін көрсетті.
Сынып сағаты соңында оқушылармен кері байланыс орнатылып, тәрбие сағатында қамтылған материалдың оқушылар үшін құнды тұстары, мектеп бітіргелі отырған түлектерге ғұлама - даналарымыздың берген рухани азығы қандай деңгейде түсінікті болды? – деген сауалға жауап алынды. Сабақ мақсатына сәйкес, оқушылардың ойларына қозғау сала отырып, білімнің қажеттілігі, білімді адам болудың маңыздылығын көрсетуде Әбу Насыр Әл Фараби мен Абай Құнанбайұлының өмір жолдары, еңбектері мен шығармашылығы ерекше ықпалын тигізді деп айтуға болады.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/5815-%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BF-%D1%81%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B.html#sigFreeIde4430ddf34