Сынып жетекшісі: Д.Е.Есказиева
Күні: 20.10.2017
Тақырыбы: «Отбасым-алтын ұям»
Бағыты мен өзектілігі: отбасы тәрбиесі ашық тәрбие сағаты оздырылды.
Сыныпқа жалпы сипаттама: Барлығы 26 оқушы, қатысқаны 25 оқушы.
Қатыспаған 1 оқушы себепті.
Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, үлкенді сыйлай, кішіге қамқор болуға үйрету. Отбасы туралы ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Тәрбие сағаты «Қуаныш» тренингінен басталып, оқушылар «Отбасы» сөзін топтастырып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, отбасы туралы өлең шумақтарын, жұмбақ, санамақ, мақалдар айтты. «Бақытты отбасы» бейнебаян тамашалап, бақытты отбасы қандай болады деп ойлайсың немесе қандай болу керек деген сұраққа өз пікірлерін білдіріп, бейнебаянды тамашалап «Бақытты отбасы» туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тәрбие сағаты барысында «Отбасы» туралы өз білімдерін ортаға салып, «Кім шапшаң?», «Сандық» стратегиясы, «Тіл өнері» мақалдардың жалғасын табу, «Ана мен бала» көрінісін сахналау ұйымдастырылды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Ұжымдық және топтық тапсырмалар барысында өз ұйымшылдықтарын көрсете білді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларға сай отбасы туралы өлең шығару, сурет салу, эссе жазу жұмыстары жүргізіліп, топта талданды. Оқушылар «Жүрек жылуы» тренингі арқылы бір-біріне жақсы, ғажайып сөздер, тілектер айтылып, тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Тәрбие сағатына 8 мұғалім қатысты. ЖЖ.Нурашева (90), Б.Бекенова (88), Л.Қуанышкалиева (88), А.Байбаракова (90), Қ.Тлегенова (90), А.Елшібекова (90), А.Сапарғалиева (90), Г.Бисекешова (90) осы аталған мұғалімдер қатысып, тәрбие сағатын бағалау барысында 716 ұпаймен бағаланды.
Сынып жетекшісі: ____________ Д.Е.Есказиева
Топтық жұмыс түрлері Эссе жазу Қойылым: «Ана мен бала»