5-ші ақпан, БҚО, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы И34 мектеп-гимназиясында "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады" атты рухани-адамгершілікке бастау алар бастауыш сыныптарға бейнероликтер көрсетілімі, мектеп кітапханасында кітапханашыларЛ.М.Анесова мен Д.С.Қайдар 7-сыныптарға "Мейірім төккен ана" атты С.А.Назарбаеваның рухани ізгі істерін, ел балаларына деген риясыз қамқорлығын ұлықтау мақсатында кітаптар көрмесін, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Д.Д.Есенова 3г-сыныбына ақкөңілділікке, жомарттылыққа, кеңпейілділікке шақыру мақсатында "Ақкөңілділік туралы" тақырыбында ашық сабағын сәтті әрі жүйелі өткізді.