30 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай атқарылған іс-шаралар

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында ҚР Конституциясының қабылданғанына

25 жыл толуына орай атқарылған іс-шаралардың

АНЫҚТАМАСЫ

Білім беру бөлімі қала әкімдігінің 29.06.2020-ғы №4434 хаты негізінде  2020жылдың 24-27 тамыз айы аралығында  ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай мектепшілік жоспар жасалып, бекітілді.

Мақсаты:  балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары  түсінік беру. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу  әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Кез келген қоғамда оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет-ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң ретінде көрініс тауып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы – бұл еліміздің басты саяси-құқықтық құжаты. 30-тамыз Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 25-26 тамыз аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» атты 6-сынып оқушылары  «Ата заңым – айбыным» тақырыбында отандастарды құттықтап көркем сөз оқып, сазды сәлемдерін қашықтан бейнетүсірілім арқылы дайындап, мектеп-гимназияның әлеуметтік желі парақшасына салынды. Бейнетүсірілімде заң актілері, бап, тараулар жүйесі түсіндіріліп, Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар-намысы-Ата заң» өлеңі мәнерлеп оқылды.

Оқушыларға  заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын  жетік білуге, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы  саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Заңды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында  27 тамыз күні «Ата Заң елдігім» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында оқушылар қашықтан сурет салып, ең үздік салынған 4ә сынып оқушысы Амирханов Данияр, 3б сынып оқушысы Алтынбек Томирис және Болат Кәусардың суреттері мектеп-гимназиямыздың әлеуметтік парақшасына жарияланды.

Жоспарда көрсетілген іс-шараларды уақытында орындап, жауапты мұғалімдер мен сынып жетекшілер анықтамалары мен фотосуреттерін тапсырды. Барлық іс-шаралар қашықтан жүргізілді. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділіктері артып, келесі жылы одан әрі жоғары деңгейде өткізуге құлшыныс білдірді.

А.Тайманов атындағы

№34 мектеп-гимназиясының

ДТІЖО: Л.М. Ирменова

 

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында ҚР Конституциясының қабылданғанына

25 жыл толуына орай атқарылған іс-шаралардың суреттері