30 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы аясында мектеп-гимназиясы бойынша өткізілген іс-шаралар

2020-2021 оқу жылындағы «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы аясында мектеп-гимназиясы

бойынша өткізілген іс-шаралардың Анықтамасы

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында 1-30 қыркүйек аралығындағы «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы шеңберінде ДТІЖО: Л.М. Ирменова мен А.К.Митанов мектепішілік жоспар жасақтап бекітті. Жоспарға сай іс-шаралар өткізіліп, жауапты болған сынып жетекшілер анықтамалары мен суреттерін  тапсырды. 

Мақсаты: мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Акцияның мазмұны мен форматы: «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұраны барлық іс-шараларды  өткізу кезінде ұстанатын негізгі қағидат.

01-07 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік журналын жасап, дайындап, оқушыларға сынып жетекшілері өздері таңдаған платформада таныстырды. Қауіпсіздік журналында  оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,еңбек пен демалыстың белгіленген режимдерін сақтауы, Оқушылар өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті,алғашқы өрт сөндіру құралдарының орнын білуі тиіс екендігі, Жұмыс кезінде оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін, жеке гигиена ережелерін сақтап жұмыс орның таза ұстау керек екендігімен қатар мектепте, көшеде, үйдегі қауіпсіздіктері  туралы  мәліметпен  таныстырылды.

08-11 қыркүйекте 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы түрлі платформада өткізілді. Ондағы басты мәселе балаларының қауіпсіздігі, яғни, балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге; Демалыс мезгілінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау: жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту; Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру; Кешкі 19.00.ден кейін далада жүрмеуге; жолда , көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру; Оойын-сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан, түнгі клубтар; т.б.) мектеп оқушыларының баруға болмайтыны туралы, тыйым салынатынын ескертіп отыру.  Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру қажет екендігі туралы ата-аналарына ескертіліп, талаптардың қатаң сақталуына ата-ана тікелей жауап беретінін естен шығармау және орындалуының жауапкершілігі ата-аналарға міндеттелетінін жеткізді.  Жиналыс соңында айтылған мәселелер хаттамаға түсірілді.

14-16 қыркүйекте  сынып жетекшілер  ZOOM, WhatsApp, BilimLand платформалары арқылы тәрбие сағаттарын өткізіп, жоспарлары мен анықтамаларын тапсырды.

1-4 сыныптарға «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында  «Үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтай біл!» ұранымен тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оттың тілсіз жау екендігін ұғындыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын, жолдан өту ережелерін үйрету мақсатында түрлі тапсырмалар орындап, өз білгендерін ортаға салды.  Сыныптағы оқушылардың бірі түрлі қауіпсіздік туралы білетін өлеңдерін  жатқа айтса, енді бірі сурет салып суреттерін қорғады. Тәрбие сағатының соңында мақал-мәтел айтып, жұмбақ жасырып белсенді болды.
5-8 сыныптар «Сақтансаң, сақ боларсың» тақырыбында тәрбие сағаттарын  слайд арқылы, ойын түрінде өткізді. Мақсаты: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік  ережесін сақтай білу жөніндегі  білімдерін бекіту;  алғашқы дәрігерлік көмектің  қарапайым  түрін   көрсете білуге үйрету;Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын  дамыту; Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік  ережелерін сақтауға тәрбиелеу болып табылады.

9-10 сыныптарға «Адам өмір қауіпсіздігі» атты   тәрбие сағаттарында адам қауіпсіздігі туралы бейне материалдар көрсетіліп, сол бойынша түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділікпен, жауапкершілікпен қатысып өз  жауаптарын берді. Көрсетілген түрлі суреттер бойынша қызықты әңгімелер құрастырып, оқып берді.

15 қыркүйекте мектеп-гимназиямыздың инспекторы А.Рашитовпен бірлесе отырып, «Баламның болашағы – менің болашағым» атты қауіпсіздік туралы кезекші топтардың ата-аналарына парақшалар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Ал жоғарғы сынып ата-аналарына мектеп-гимназиямыздың әлеуметтік желілеріне түрлі қауіпсіздік туралы мәліметтер салынды.

16-17 қыркүйек аралығында кезекші топтарға «Менің қауіпсіздігім» тақырыбында мектеп-гимназия ішіндегі қауіпсіздік бұрышын оқушыларға таныстырды. Мектепте, үйде, көшеде қалай жүру керектігі жөнінде мағлұмат беру мен қатар оқушылардың ойын білу мақсатында түрлі сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Оқушылардың қауіпсіздік жөнінде білмеген тұстарын нақтылап, оқушыларға тереңірек түсіндірілді.

18 қыркүйекте  5-6 сыныптарға мектеп-гимназиямыздың психологтары С.М. Муратова және Г.О. Байжиенова «Бала өмірінің қауіпсіздігі» атты бейнеролик түрінде кеңес дайындап, әр сыныптың жеке топтарына одан әрі мектеп-гимназияның әлеуметтік парақшасына салды. Бейнероликте оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушыларға отбасы, үлкендер, тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушылар қиын жағдайға түскенде хабарласуға арналған арнайы қызмет телефондарымен таныстырылды. Үй жағдайында және көшеде жүрген кезде бейтаныс адамдармен бірге жүрмеу, бөтен адам есік қақса, ешкімге есік ашпау, ашық тұрған терезеге жақындамау және электр тогын пайдаланбау,жер асты шұңқырлар мен құрылыс ғимараттарына бармау жағдайлары айтылып, кеңестер берілді. Көшеде бейтаныс адам кезіккен жағдайда қорғану және көмек сұрау қажеттіліктері баяндалып, айтылды.

21 қыркүйекте 4 сыныптар үшін мектеп-гимназия психологі С.М. Муратова «Интернет қауіпсіздігі» бағытында презентация дайындап, оқушыларды таныстырып, интернеттегі қауіпсіздік жөнінде білімдерін білуге тырысты. Интернетке көп тәуелді болмау ондағы қажет емес сайттарға кірмеу керектігі, интернетке көп отырау оның зиянды тұстарын басты назарда ұстау екендігі презентацияда толығымен көрсетілген. 

ДТІЖО: Л.М. Ирменова

 

2020-2021 оқу жылындағы «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы аясында мектеп-гимназиясы бойынша

өткізілген іс-шаралардың Фотосуреттері