Бумеранг мақсаты: оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері мен ерікті оқушылар ұстаздарға арнап тілектер мен алғыс сөздер жазылған ленталар тақты, үйлестірмелі қағаздар таратты. Сонымен қатар акция жүргізушісі Тулемисова Зарина көпшілікке түрлі сауалдар қойып сұхбат алаңы оздырылды.Педагог-психолог Г.О.Байжиенова «Өз портретінді сал»тренингін өткізіп оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйласа,педагог-психолог С.М.Муратова алғыс, ризашылық сөздерінің шын көңілден айтылу керектігі, қандай жағдайда айтылу керектігі туралы кеңес беріп, «Мен сізге тілеймін»тренингін өткізді. Көпшілік бір-бірімен , жақын тума-туыстарына өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді, арнайы ұйымдастырылған тақтаға өз тилектерін жазды. Бұл мереке күні бойы өз жалғасын тауып, мектепішілік сап түзеу болып өтті. Сап түзеу барысында өзге ұлт өкілдері өз алғыстарын білдіріп, бұл күннің маңызы мен мақсаты түсіндірілді.7,9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «кіші қызметкерлерге алғыс білдіру» науқаны өтіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылар өз тілектері мен алғыстарын білдірді. Алғыс айту күнінің жалғасы Асхана қызметкерлеріне алғыс айтумен жалғасты. 5-6 сынып оқушылары ұйымдастырумен өткен шағын шарада оқушылар қызметкерлерге тәттілер сыйлап, сонымен қатар тәтті тілектерін де тарту етті. Алғыс айту күні барысында оқушылар ризашылық пен алғыс, сыйластық секілді құндылықтарды терең түсініп, өздеріне берік қағида етіп алды.
Дайындаған: Аға тәлімгер Төлеу М.С.
> > > > > > > >