18 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

«Анаға қарап қыз өсер» понарамалық марафон

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында 28-ақпан күні «Анаға қарап қыз өсер» понарамалық марафон шарасы өтті. Мақсаты: Қыз балаларды тәрбиелеу жолында әже мен ананың үлгі өнегесін дәріптеп, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Мектеп-гимназия директоры Ж.К.Батыров отбасындағы тәрбиенің ықпалы қыз бала үшін маңызды екенің айта келе, әр тұлға ананын әлди үнін естіп, мейірімге бөлейтін асыл әжелерімізбен аналарымызға өз ризашылығын білдіріп шараға сәттілік тіледі. Марафонға 5-10 сыныптардан 1-әже, 2-ана мен 2-қыз бала қатынасып, тур барысында өз өнерлерімен және «Анамнын қолынан бәрі келеді» шеберлік сыныбы, «Біздің сүйікті кітабымыз» турларында үлгі –өнеге көрсетіліп, дәріптей білді. Көрермен әжелер мен аналар бүгінгі шараның мақсаты мен мазмұны зор биік екенін айта келе, ұйымдастырушы тәрбие бөлімімен клуб жетекшілеріне өз ықылас және ізгі ниет ойларын айтып алғыс білдірді. Бұндай шаралар жалғасын тауып, ұлттық құндылыққа тәрбиелеу мақсатымыз деп өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Асыл әжелеріміз әуелетіп ән шырқаса, жас аналарымыз қыз балаларға өз қолдарынан шебер туындыларымен бөлісті. 8 -сынып құрамасы «Біздің үздік аналар» кубігімен марапатталып, қатысушы топтар номинацияланды. Нәтижесінде мектеп пен отбасы ынтымағы артып, ұлттық салт-дәстүр насихатталады.