А.Тайманов атындағы #34мектеп-гимназиясында,30қазан күні 8-11сынып қыз баларына "Қыз балалардың қарым-қатынас мәдениетін және бір-біріне деген сыйластығын қалыптастыру"тақырыбында онлайн кездесу жиыны ZOOM платформасында өтті.Мақсаты:Қыз баланы ибалылық сақтауға баулу,құқықтық,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Мектеп жарғысы және ішкі тәртіп ережесі;
2.Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын-алу;
3.Ең алдымен қауіпсіздік.
Онлайн кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.М.Ирменова қыз бала бойындағы инабаттылық,әдептілік,өзін ортада ұстауы,ары таза,сымбатты да сұлу,биязы,болашағы жарқын қыздар тәрбиелеу жөнінде және мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережесін айта келе,түнгі уақытта жүрмеу,каникул кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін ескертті.Мектеп медбикесі Қ.Байбарақова қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық өзгерістері,тазалық ұстау,ерте болатын жүктіліктің қаупі жайлы дәріспен таныстырды.Мектеп психологі Г.О.Байжиенова өз баяндамасында өмірге позитивті көзқараспен қарап,жағымды көңіл-күй қалыптастыру,психологиялық қолдау көрсету бағытында кеңестер ұсынды.Балалар мен жастарға арналған "111"Ұлттық сенім телефоны,"Жас ұрпақ"жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығының базасында қалалық сенім почтасы мен телефоны және 34 мектеп-гимназиясының сенім телефон нөмерлерін айтып таныстырылды.