09 Ақп 2021
Жаңалыктар 34

"Бала құқығы-адам құқығы"тақырыбында онлайн вебинар кездесу сағаты ZOOM платформасында өтті

А.Тайманов атындағы № 34мектеп-гимназиясында 23желтоқсан күні 8-10сынып ата-аналарына "Бала құқығы-адам құқығы"тақырыбында онлайн вебинар кездесу сағаты ZOOM платформасында өтті.

Мақсаты: Құқық бұзушылық және зорлық-зомбылық, буллинг,кибербуллингті алдын-алу.

Онлайн кездесу барысында мектеп инспекторы А.Р. Рашидов ата-аналарға  балалардың құқығын қорғау жөніндегі мәлімдемесін беріп,жол қауіпсіздігімен қатар түнгі уақытта жүрмеу,төтенше жағдайларды ескеріп қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертпе ұсыныстарын айтты.

Мектеп психологі Г.О.Байжиенова "Буллинг. Кибербуллинг деген не және ол несімен қауіпті " тақырыбында ақпарат беріліп,интернетке тәуелділікті алдын-алу бағытында кеңестер ұсынды.

ДТІЖ орынбасары А.К.Митанов өз сөзінде ата-ана бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмай,құқық бұзушылықтың алдын-алу және оқушылардың сабаққа қатынасын қадағалау қажеттілігін айтты.