Мақсаты: адам бойындағы адмгершілік-рухани әлеуетін арттыру, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағыттау болып табылады.
1-10 сыныптар арасында «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 5-6 сыныптар арасында «Риясыз сүйіспеншілік» сурет салып, өздерінің сүйіспеншілік пен мейірімділіктерін суреттерінен көрсете білді. 2-4, 7-8 сыныптар «Жүрек қуанышы» тақырыбында оқушылар шығармашылық жұмыстарын фотоға түсіріп WhatsApp желісі арқылы жолдады. 1-11 сынып жетекшілеріне және мектеп ұжымына арнап мектеп-гимназия психологтары «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты семинар өткізді. 1-11 сыныптың ата-аналарына арналған «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» дәрісті сынып жетекшілер түрлі платформалар арқылы өткізді.