2021-2022 оқу жылында жеке психологиялық мәселелерді шешуге ықпал етіп, оқушылардың бейімделу процесінде сабақтастықты қолдау және білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу Оқушыларды жан – жақты зерттелеу үшін, жаңадан келген оқушылардың іс қағаздарымен танысып, әңгімелесу, бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бейімделуге ыңғайлы психологиялық жағдай жасалып мектепке дейінгі кезеңнен бастауышқа, бастауыштан орта буынға өту кезеңі бақылауда болды. Психологиялық қызмет жүйелі түрде ұйымдастырылып, түзету- дамыту қажет оқушылармен түрлі жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыру психологиялық қолдау, кеңстер беріп, тренингтер оздырылды.Оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарына талдау жасау мотивтерін анықтай отырып, алғашқы кәсіби жоспар жасауға көмектесу.
Диагностика Психологиялық бейімделу кезеңі, сабақтастықты қолдау мақсатында кезекші сыныптарға, 1 сыныптарқа бекітілген жоспар бойынша танымдық процестерін диагностикалау жүзеге асырылды. 1 сынып оқушылардың мектепке дайындығының деңгейін анықтау мақсатында психолгиялық диагностика 1. Керна –Йрасек тестісі бойынша мектепке жетілгендікті анықталып, түзету-дамыту шаралары өтті.Таным процестерінің деңгейін анықтау мақсатында, 1 сыныптарында психологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың бойындағы қобалжу деңгейін және қобалжудың қай түрі басым екендігін анықтау мақсатында Люшер әдісі (1 сын), Филипс әдісі «Қобалжу» (4- 5сын -22 сұрақ), Кондаш әдістемесі «Қобалжу» (9,11 ) әдістемесі өткізіліп анықталды. СБА сауалнамасы 9,11- сыныптар сауалнамадан бастартқан оқушылармен өтті.
Агрессия, кәсіби бағыттылығын, депрессивтік жағдайдын, тұлғааралық қарым- қатынас зерттеу бойынша жүргізілді. «Агрессия белгілері»сауалнама (3- 5 сыныптар), Депрессивтік жағдайды диагностикалау Зунге, Т. И. Сұраныс бойынша (Қосымша есепте көрсетілген).
Коррекция Оқушының қобалжу мен үрейін бәсеңдетуге арналған психологиялық ұсыныстар (презентация);Баланың компьютермен жұмысы барысында шаршағанды басатын ұсыныстар (бейнеролик);Оқушылардың зейінін дамытуға арналған жаттығулар (бейнежазба)
Инклюзивті білім беруде жеке жоспар бойынша түзету –дамыту жаттығулары оздырылды Таным процестері төмен деңгейін көрсеткен оқушылармен жоспар жасақталып, түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. «Тыныс алу» жаттығулары (бейнежазба) Миға жаттығу .(бейнежазба) Кенесиологиялық жаттығулары жіберіліп, жаттығу пайдасы туралы түсінік беріліп отырды. «Мен және интернет» тренинг онлайн сабақ. Қысымнан арылу жаттығулары «Менің психикалық денсаулығым»,«Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы» тренинг сабақ, Нерв жүйесін қалыпқа келтіру жаттығуы: Стресспен қалай күресуге болады?» өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты.
Психологиялық кеңес беру жұмысы: Баланы қашықтықтан оқыту бойынша мектеп психологінің кеңестері(күн тәртібі,оқитын орынын белгілеуі) (бейнероликтер жіберілді) Жеке кеңске келген оқушыларға Қуыршақ терапиясы, Фото терапия, арт-терапия түрлері өткізілді, Өздерінің ішіндегі қобалжуды сырқа шығаруға үлкен ықпалы болды. Оқушылардың тәрбие және даму мәселелері жөнінде педагогтармен және ата – аналарға кеңестер, жаднамалар берілді. Оқушылардың қашықтан оқуға, мектеп өміріне дайындау, мазасыздануын алдын алуда кеңес берілді. Ерікті сұраныстары бойынша кеңестер. Сынып жетекшілеріне жеке кеңестер берілді.Сынып жетекшілер жиналысында Баяндама: Буллинг, Кибербуллинг. Жасөпірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу туралы ақпарат берілді.
Ағарту: «Бейімделу кезіндегі 5- ші сыныптағы қиындықтар» тақырып бойынша жаднама таратылды. Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін психологиялық көмек көрсетілді және арнайы жасқа сай әр сыныпта жаднамалар, нұсқаулар таратылды. Психологиялық денсаулықты сақтау мұғалімдерге арналған жадынамалар, бейне жаттығулар берілді. Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау және зорлық-зомбылықпен суицидтік мінез-құлықтың, булиннгтің алдын алуға кеңестер берілді, педагогикалық кеңесте дәріс оқылды.
Барлық сынып оқушыларымен жас ерекшеліктеріне қарай арт –терапиялық әдістерді қолдану арқылы түрлі қызығушылықты арттыратын жұмыстар оздырылды.
Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін психологиялық көмек көрсетілді және арнайы жасқа сай әр сыныпта жаднамалар, нұсқаулар берілді.
Қатерлі топ балаларын анықтау мақсатында сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді.
«R» топ оқушылар туралы сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді. «R» топ оқушыларымен жоспарға сай диагностикалық зерттеу нәтижесіне байланысты түзету-дамыту, психологиялық қолдау жұмыстары жүргізіліп отырды.
Ата – аналармен жүргізілген жұмыстар. Психологиялық қызмет жоспарына сай ата-аналара арналған жиналыстарда ақпаратық хабарламалар, кеңестер, жеке кеңестер оздырылып отырды.
Оқушылардың үйдегі оқу әрекетіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына жағдай жасай отырып, бақылау, қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді. Мектеп психологінің кеңестері «Интернетке тәуелділік қайдан шығады?» онлайн вебинар. «Зорлық – зомбылықсыз үй» ата-аналармен Баланың компьютермен жұмысы барысында шаршағанды басатын ұсыныстар (бейнеролик) оздырылып отырды. Ата – аналарға балаларының мінез – құлқының аяқ асты өзгеруі, баланың қоршаған ортамен қарым – қатынас мәселесінің қиындық тудыруы туралы секілді сұрақтармен келгендерге психологиялық кеңестер, ұсыныстар, қолдаулар жүргізілді. Ата-аналармен бастауыш сыныпта «Сүйіспеншілік тілі» тренингі, және 7-сынып оқушылары мен ата-аналарына «Әрбір қадам-жаңа бастама» атты семинар-практикум өтті.Отбасы құндылығы туралы видеоролик көрсетіліп, психологиялық кеңес және психотехникалық элементтер арқылы бала мен ата-аналардың көңіл-күйлерін көтеруде жаттығулар оздырылды.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/1-psikh-l-giyalyk-kyzmet/20789-a-tajmanov-atynda-y-34-mektep-gimnaziyasyny-2021-2022-o-u-zhylynda-y-psikhologiyaly-s-jemeldeudi-jymdastyru-zh-mysyn-taldau.html#sigFreeIded0068fef8