Тренинг: «Жақсы көңіл күй жан азығы»
Жоспар
- «Көңіл-күй» тренинг
- «Сенімді-сенімсіз» жаттығуы топпен
- «Шынайы жауабым» жаттығуы
- Арт-терапия «Қағаз қиындылары»
- «Жұлдызды сәт» тренингі
- Видеоролик (Мечтай)
- «Тілек хаты» тренингі
1«Көңіл күй» тренинг
Қатысушалардың барлығы ортаға шығады, оларға сағаттың суреті бейнеленген парақшалар таратылады. Ол парақшадағы бейнеленген сағаттың әрбір тіліне осы тұрған оқушылардың атын жазып шығу ұсынылады. Енді барлығымыз жазып болсақ, ортаға қайтып тұрамыз. Енді қолымыздағы сағаттың әрбір тіліне жазған адамдарыңызды тауып алып мен айтқан нұсқауды орындайсыз. Ал ендеше,
- Қолын қысыңыз
- Арқасынан қағыңыз
- Күлімсіреңіз
- Қол бұлғаңыз
- Көзіңізді қысыңыз
- Комплемент айтыңыз
- Бір тілек айтыңыз
- Воздушный поцелуй жіберіңіз
- Массаж жасаңыз
- Арқаларыңызды тіреңіз
- Құшақтаңыз
- Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
2.Жаттығу «Сенімді – сенімсіз»
Мақсаты: оқушылардың «сенімділік» сөзіне терең үңіліп, ой жүгіртулеріне ықпал жасау
Нұсқау: 1топ – сенімді адамның портреті (мінез-құлқы)
2топ – сенімсіз адамның портреті (мінез-құлқы)
3топ – адам өзіне сенімділігін арттыру үшін қандай әрекеттер жасауы керек?
(Әр топ өз ойларын постерлерге жазып, топпен қорғау)
- «Шынайы жауабым » жаттығуы
Психолог. Біз бұл топта ашық болуға болатынына көз жеткіздік. Тағы бір рет алдын-ала дайындықсыз бір-бірімізге өзіңіз туралы айтуға тырысайық. Сіздің алдыңызда шеңбердің ортасында карточкалар жиынтығы бар. Сіз кезек-кезек бір карточканы алып, жазылған сөйлемді жалғастыра бересіз. Сіздің тұжырымыңыз өте шынайы және ашық болуы керек! Қатысушылар сізді мұқият тыңдайды, егер олар сіздің сөздеріңіздегі жалғандықты сезінсе, сіз жаңа мәтіні бар басқа картаны алып, тағы да жауап беруге тырысуыңыз керексіз. Кім бірінші болғысы келеді?
Карточкалардың мазмұны:
- "Маған әсіресе айналамдағы адамдар ұнайды...»
- "Мен ұмытып кету өте қиын, бірақ мен...»
- "Мен кейде шынымен де қалаймын...»
- "Мен өзім жалғыз қалған ұнамайды себебі...»
- "Әсіресе, менің ашуыма тиетін нәрсе...»
- "Мен қуанамын...»
- "Кейде адамдар мені түсінбейді, өйткені мен...»
- "Рас, мен әлі де...»
- "Менің ойымша........»
- Маған көңілсіз, егер.....
- Егер мен сенімсіз болсам.....
- Егер маған ұнап қалса......
- Егер, мен шаршасам......
- Арттерапия «Қағаз қиындылары»
Мақсаты: бойдағы қысымды түсіріп, қобалжу мен үрейді қалыпқа келтіру
Нұсқауы: Оқушылар түрлі түсті қағазды туралауы (қолмен жыртуы) қажет. Кейін қағаз қиындыларын берілген суретке әдемілеп жабыстырып шығуы керек.
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
-Жаз мезгілі, түн. Аспанда жұлдыздар жарқырап тұр, самал жел соғып тұр. Сол жұлдыздарға қарап ең үлкен, ең әдемі, ең жарық жұлдызды таңдап сол жұлдызға арманымызды айтамыз. Оң қолымызды жоғары созып сол жұлдызды аламыз да, алдымызға қоямыз. Көздерімізді ашып, сол жұлдызға өздеріңіздің жақсы қасиеттеріңіз бен армандарыңызды жассаңыздар.
“Тілек хаты”
Өз тілектеріңізді параққа жазып, қорапқа салыңыздыр. Бұларды араластырған соң сіздер оны қайтадан алып,өзіңізге келген тілек хатты оқисыздыр. Қаласаңыз өзіңізге естелікке алып қалуыңызға болады.