01 Желт 2021
Психологиялық даму

«Мен үшін бүгін керемет күн» тренингі

«Мен үшін бүгін керемет күн»

тренингі

 

Тақырыбы: «Мен үшін бүгін керемет күн»
Мақсаты:
Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыруға бағыттау.Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. ҰБТ-ге сенімділікті арттыру, қобалжудан арылту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қолданылған құрал-жабдықтар:
А4 қағаз беттері,сағаттың суреті бейнеленген қағаздар, отырғыш, үстел, шарф, доп, тапсырмалар жазылған карточкалар, қорапша, адамгершілік қасиеттері жазылған смайликтер.
Тренинг құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. «Көңілді күн» физ.минутка
2. «Сергіту» жаттығуы.
3. «Сағат тілі» жаттығуы.
4. «Сеніп құлау» жаттығуы.
5. «Мамандықта ойнау» жаттығуы.
6.«Поезд» жаттығуы.
7. «Құбыр» жаттығуы
8.«Мимикалық жағдай» жаттығуы
9.«Жер сілкінісі» жаттығуы
ІV. Қорытынды бөлім.
10. «Сыйлықтар» жаттығуы
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі тренингімізге қош келдіңіздер!Олай болса бүгінгі тренингіміз «Мен үшін бүгін керемет күн»  деп аталады. Тренинг сабағымыз әр атқан таң керемет екенін, көңіл-күйді көтере білу үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Көңіл-күй – адамның айнасы. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді.  Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес.
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
ІІІ. Тренингке дайындық.
ІV. Негізгі бөлім.
1. «Көңілді күн» физ.минутка
2. «Сергіту» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.
Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
- Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
- Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
- Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
- Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
- Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
- Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
- Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
- Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
- Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
- Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
- ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
- Өздеріне сенімсіздер «Менің қолымнан келеді!» деп айтсын.
- Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.
3. «Сағат тілі» жаттығуы.
Мақсаты:
жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
13-14 аралығы – амандасу
15-16 аралығы – күлімдеу
17-18 аралығы - комплимент айту
19-20 аралығы – басынан сипау
21-22 аралығы – қол алып амандасу
23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау
4. «Сеніп құлау» жаттығуы.
Максаты:Сенімділік және топтың тұтастығын арттырады.
Жүру барысы: Жаттығу топ ішінде жасалынады. Бір адам құлайды қалғандары оны тосып қалады. Құлаған адам өзін еркін ұстай отыра екі көзін жұмып артқа қарай шалқая құлайды. Қалғандары оны тосып қалады. Осылай кезек ауыса береді. Жаттығу әрі қарай күрделене береді. Енді қалғандары орындықтан, содан кейін үстелден құлайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін алған әсерлерімен бөліседі.
5. «Мамандықта ойнау» жаттығуы.
Жүрубарысы:Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесісі аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.
6.«Поезд» жаттығуы.
Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңіл - күйлерін көтеру.
Жүру барысы:Шеңбер бойымен 1, 2 - ге саналамыз. 1нөмірлер - 1 шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер - 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін жаттығуды жасайды.
7. «Құбыр» жаттығуы
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Жүру барысы: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
8. «Мимикалық жағдай» жаттығуы
Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.
Жүру барысы: Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто-мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.
9. «Жер сілкінісі» жаттығуы
Жүру барысы:Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар»деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек
ІV. Қорытынды бөлім.
10. «Сыйлықтар» жаттығуы
Жүру барысы: 
Оқушыларға ерекше қорапша көрсетіледі. Қорапшада арнайы жіберілген қымбат сыйлықтар бар екндігі айтылады. Ішіне кез келген нәрсе салып қоюға болады. Мысалы смайликтер, кәмпиттер, т.б. Оқушылар кезекпен бір біріне көрсетпей ашып қарайды да оны лайық деп санаған сыныптасына сыйлайды.