Өмір қымбатсың маған!
/ ой – бөлісу , пікірлесу , тренинг , жаттығулар /
Мақсаты :
- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту .
- балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
Психолог сөзі : - Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың ,
ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,
“Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .
Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа , сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.
Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .
“ Ең,ең,ең....” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде )
- Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?
- Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба ?
- Сен бақыттысың ба ?
- Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?
- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе ,әлде әлсіздік пе ?
- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің ?
- Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай ?
- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?
Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?
Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? ...
Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісінше өзіңе жақын
адамдарыңа зияныңды тигізесің .
Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,
бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесің , одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды , төзімді болуды үйрен .
Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол дүниеге бәрі- бір барарымыз анық , сондықтан асықпа .Сол өлшеулі уақытқа дейін бәріне төзуіміз керек.
Мысалы : Дінде “ Алла саған өмір берді , сол Алланың бұйрығымен өміріңді Алла ғана алады .” делінген. Өз -өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.
Әрі қарй ой бөлісу , пікірлесу үшін тағы жаттығу өткіземіз.
“ Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып , ой қорыту .)
- Жақсы өмір - бұл .....
- Бақытты адам - ол ......
Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .
Өмір - өзен ағып жатыр , тынбайды ,
Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,
Сондықтан да , өз - өзіңе абай бол ,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды . - деп ақындар жырлағандай , Өмір - арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиындықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреалмаушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . / “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі ./
Ал сен біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуың керек , бақа ғұрлы жоқсың ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .
Адам өзін - өзі тәрбиелеуі , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет .
Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп , дәлелдеп көрейік .
“ Егер сен ағаш болсаң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.
жапырақ - ол көктейді , гүлдейді;
діңгек - барлық ауыртпашылықты , жпуапкершілікті көтереді ;
тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;
Келесі тренинг “ Менің мақсатым .” Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .
Психолог сөзі : Осы мақсатымызға , арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек.
Өмір арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .Өмірде мойымағандар тарихта аттарын қалдырып кеткен , ел есінде сақталған адамдар . Сондықтан осындай адамдарды өздеріңе үлгі тұтыңдар .
Қане кімде осындай үлгі тұтар адамдарың бар ? ( қысқаша өнегелі өмірлерін айтып беру .)
Адам өзіне - өзі ,өз ісіне сенімді болуы керек , олай болса келесі жаттығуымызды жасайық .
“ Өзіндік бағалау маршы ” жаттығуы .
Мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .
Психолог сөзі :
Өмір – көпір , от үстіне салынған ,
Діңгектері зәндем отқа малынған .
Қорқу білме , аяқтарың таймасын ,
Ойнап отпен , шарпу көрме жалыннан ! дей келе сендерге мынадай психологиялық кеңес беремін , естеріңе ұстаңдар .
Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін ...
- ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе тоқы ,
- икемің бар іспен айналыс , мыс. (ән айту , би билеу , шеберлік істер )
- әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,
- ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің ,
- ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.
- әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан
өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,
- әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен ,
- күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .
Енді осы бүгінгі іс – шарамыздың соңында “ Өкпені еріту ” және “ Тазару ” жаттығуларын жасайық.
Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба ?
Бәріміз РИЗАМЫЗ деп үш рет қайталап айтамыз.
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Өмір қымбатсың маған !
/ ой – бөлісу , пікірлесу , тренинг , жаттығулар /
Педагог-психолог:Г.О.Байжиенова