01 Желт 2021
Психологиялық даму

“Эмоциялық қысымды түсіру”

Тақырыбы: “Эмоциялық қысымды түсіру”

Мақсаты:

  1. Қызметкерлердің психологиялық саулығын нығауту үшін эмоциялық қысымды түсіру. 
  2. Әріптестермен жақсы қарым - қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін эмоциясын ситуацияға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру;
  3. Эмоционалдық тұрғыда көңіл - күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттерін арттыру;
  4. Психологиялық кеңестер беру
    Міндеттері:

Тренинге қатысушылардың өзін қалыпқа түсірудің психологиялық әдістерімен таныстыру.

Өз-өзімен жемісті еңбек етуі үшін қолайлы жағдай туғызу.

Ішкі жан сарайының үйлесімділігін сақтай отырып,жеке басының қасиеттерінің дамуын жетілдіру.
Керекті құралдар: аліпби, тестке қажетті “Жасырын стрес” тестінің жауап парақтары, конверт, карандаш, ақ қағаз,
Психолог: Құрметті тренинге қатысушы қызметтестерім, сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? (Қызметкерлер жауабы)
Ирландық драматург Бернард Шоу "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» деген екен. 
-Ендеше «Эмоциялық қысымды түсіру » атты тренингімізді бастаймыз.
Психолог: «»Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.»
Мұхтар Әуезов

Тест: «Жасырын стресс»
Төменде берілген 9 жағдайды оқып,қайсы жүйкеңізге тиетінін ойлап, “V” белгіcін салыңыз.
1.Өзіңізді сырттай біреу бақылап тұрғанын сезсеңіз
2.Телефонды қайта-қайта шалып шұғыл сөйлескіңіз келген адамыңыздың телефонынан үнемі “бос емес” деген хабарландырулары естуіңіз
3.Көлік жүргізіп келе жатқанда қасыңыздағы адамдардың тынымсыз кеңес бере беруі
4.Әңгімелесіп отырғаныңызда 3 адамның әңгімеңізге килігіп араласа беруі
5.Жазықсыз біреу сізге дауыс көтерсе
6.Ойға шомылып келе жатқанда ойыңызды бөліп жіберсе..
7.Үйлеспес деген түстен біреу үйлестіріп киім киіп жүрсе...
8.Қол алысып амандасқанда қолының терлеп тұрғанын байқасаңыз...
9.Барлық нәрсені қай жағынанда сізден жақсы білетін адаммен сөйлесу...
“Жасырын стресс” тестісінің қорытындысы
Егер 5 және одан да көп ситуацияны белгілесеңіз,күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлардың бәрі жүйкеңізге тиеді. Мұндай ситуациялардан қашып жүріңіз немесе оларға мән бермеңіз.
«Кеңестер кәрзеңкесі»
1. Ұйқыңызды қандырып ояныңыз.
2. Жай темппен сөйлеп,жай екпінмен жүріңіз.
3. Таза ауада көбірек болыңыз.
4. Бүгінгі күнге жұмыс тізімін жасақтаңыз.
5. Алдыңызға шынайы мақсаттар қойыңыз.
6. Әр күніңіздің тым болмағанда 1 сағатын өзіңізге арнаңыз.
7.Айнаға қарағанда жымиып қарап,өзіңізге комплимент айтыңыз.
8.Келеңсіз жағдайға тап болғанда жақындарыңызбен бөлісіңіз.
9. Іштей 10-ға дейін санаңыз.
10. 1 шыны аяқ шөптен шай жасап ішіңіз, жылы ванна немесе жылы душ қабылдаңыз.
11.Өз мүмкіндігіңізді бағалап,артық уәде беруден сақтаныңыз.
12. Өз көңіл-күйіңіздің көтерілуі мен түскенін бақылай біліңіз.

 

 

13.Өзіңізге талапты көп қоя бермей,бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.
14.Барлығы жақсы болған күндерді есіңізге түсіріңіз.
15.Барлық адамға жағам деп тырыспаңыз-бұл мүмкін емес.
16. Жалғыз емес екеніңізді естен шығармаңыз.
17.Өмірге құшатар болыңыз! Бұл өмірдің келеңсіз сәттерінен гөрі қуанышты кездерін таба 
білуге көмектеседі.
18. Асығыс шешім қабылдамаңыз.Өзіңізді сабырға шақырып алып,шешім шығарыңыз.
19.Сәтсіздікті қабыл алыңызІ Әр адам бойында жетістігі мен кемшілігі болады.
20.Стресстен арылудың ең жақсы емі- сүйікті қызмет, жұмыс.

 

Жаттығу.

Орындыққа жайлы отырып, денемізді бос ұстаймыз, демімізді мұрнымызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауыспен

  • “А” - дыбысын айтыңыз. Ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді;
  • “Е” - қалқанша без жұмыстарына әсер етеді;
  • “И” - миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
  • “О” – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
  • “У” – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
  • “Я” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
  • “М” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
  • “Х” – ағзаның тазаруына көмектеседі;
  • “ХА” – көңіл - күйді көтеруге әсер етеді.

 

Психикалық жүйке қысымын босаңсыту жаттығулары:

  • 1. Релаксация (босаңсу);
  • 2. Дене қимылдарын жасау;
  • 3. Кір жуумен айналысу;
  • 4. Ыдыс жуу;
  • 5. Газетті майдалап жыртып, қиқымдарын жұмарлап алып, қоқысқа тастау;
  • 6. Газет қиындарынан өз көңіл - күйін жапсыру;
  • 7. Дауыстап ән салу;
  • 8. Бірде дауыстап, бірде ақырын айқайлау;
  • 9. 10 рет терең дем алу;
  • 10. Тілдің ұшымен тістерін ішкі жақтан санап шығу.

 

«Сен білесің бе?»
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
Сиқырлы қоржындағы, сиқырлы жануарлар мен құстар, жәндіктер.
(Аю, балапан, қоян, жылқы, мысық, ит, қасқыр, түлкі, бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл, қой, кенгуру, көгершін, балық, тасбақа).
(Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса, келесі көршісіне жалғастырады).

 

«Сілкін!» сергіту ойыны

Үсті су болған иттің сілкінгенін көрген боларсыздар?! Әр қайсысыңыз арақашықты сақтап, алақан, шынтақ, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыздар. Басыңызды да. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сіздердің де жағымсыз эмоцияларыңыз сезім, ой барлық жағымсыз нәрселеріңіз ұшып кететінін елестетіңіздер.

 

Сергіту жаттығуы. «Әліпби» ойыны.

Мақсат: шапшаң ойлау қабілетімізді дамытуға, әліпби әріптерінің реттілігін сақтауға және де біріккен сөз ойлау механизмін жетілдіреді.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бұл жаттығуды орындауға әліпби білімін жетік білуді қажет етеді. Бәріміз білеміз бе? Жақсы, онда ойынымызды бастаймыз. Мен «А» әріпінен келетін зат есімді айтамын, әрі қарай шеңбер бойымен әрқайсыңыз біріккен - сөз айтуыңыз керек, яғни мен «А» әрпінен келетін зат есім айтсам, келесі адам «Б» әрпінен келетін біріккен - сөз айтуы керек, әрі қарай «В» әрпіне, солай әрі қарай жалғаса береді. Соңында бізде зат есімнен әліпби шығады.

«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

 

Тренингті қорытындылау.

Рефлексия Рыленковтың методы бойынша.

Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.

Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл - күйлеріңізді анықтайды.

Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызықты.

Балан үйрек - мен нақты өзіме ұсыныс алдым.

Ортан терек - маған қиын болды, ұнаған жоқ.

Шылдыр шүмек - менің бағам психологиялық жағдайға берілген берілген баға.

Кішкене бөбек - мен үшін жеткіліксіз болды.