Оқушыларға арналған жадынама
Бейтаныс адамдармен өзін-өзі ұстау ережесі
Бес «жоқ» ережесін ұғып алу қажет:
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
- Олармен лифтіге және кіреберіске кірме.
- Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
- Бейтаныс адам бірдеңе сатып әперемін, немесе сыйлаймын десе де, оған ешқашан сенбе.
- Мектептен кейін, әсіресе қараңғы түскеннен кейін көшеде көп жүрме.
Ал егер бейтаныс адам жай ғана керекті көшені көрсетуді немесе қолдарбаны көтерісуді, дүкенге шығарып салуды өтінсе
Бәрібір ЖОҚ – деп айт!
Қандай жағдайларда әрдайым "ЖОҚ!" деп жауап беру қажет:
- Егер сені қонаққа шақырса немесе үйге дейін шығарып салуға ұсыныс жасаса, ол тіпті көршің болса да.
• Егер саған мектепке немесе бала бақшаға бөгде кісі келіп тұрса, ал ата-анаң бұл жөнінде алдын ала ескертпесе. - Егер ата-анаң жоқта шала таныс адам келсе, оны пәтерге кіргізуге немесе онымен бірге бір жерге баруға.
- Егер жаңа танысқан адам сенімен танысу үшін сый жасаса.
Бір жерге бару, бір нәрсені көру немесе ойнау туралы барлық ұсыныстарға, тіпті өте қызық болса да, "Жоқ!" деп жауап беру қажет.
Бірақ ересек адам өте табанды болса ше? Егер ол саған : "Сені үлкен жігіт пе десем, ал саған анаң рұқсат бермейді екен ғой!" десе?
Мұндай адамнан алды-артыңа қарамай қашу керек. Үйге келгенде міндетті түрде ата-анаңа ол туралы айту қажет.
Зорлықтың құрбаны болмау үшін нені білу қажет?
- Егер сені біреу-міреу аңдып жүргендігіне күмәндәнсаң, оны назарда ұстай отыра, көшенің басқа жағына шық.
- Егер сенің артыңнан біреу қалмай қойса, онда кез-келген үйдің қасына барып, өз үйің сияқты кейіп танытып, терезеден көріп тұрған туыстарыңа қол бұлғап шақырғандай бол.
- Егер саған киноға, бағдарламаға түсуге немесе қызықты байқауға қатысуға ұсыныс жасаса, бірден келісім берме, ата-анаңмен қашан және қайда баруға болатынын сұра.
- Егер сенің қасыңа көлік тоқтаса, мүмкіндігінше одан алыс тұр және ешқандай жағдайда оған отырма.
Қылмыскер өзінің құрбандарын ҚАЙ ЖЕРДЕ күтіп тұрады?
ЛИФТІДЕ!
- Лифтіге сенің артыңнан кабинаға кіретін бөгде адамның жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана кір.
- Егер шақыртылған лифтіде бейтаныс адам болса, кабинаға кірме. Ал егер құтылып кетуге мүмкіндік болмаса, жағдайға қарап әрекет ету қажет:
- Егер зорлықшыл сенің аузыңды жауып, киіміңді шешсе, оны қорқытпа, жылама, сабыр сақта, онымен сөйлесуге тырыс.
- Егер зорлықшыл сені өзіне қарай қысса, оны итерме. Құшақтап алып оның мұрнынан немесе ернінен қатты тістеп алуға тырыс.
- Қолыңнан келгенше - барлық әдіспен қорған, егер қашуға мүмкіндік болса, киімдеріңді жинамай қандай киімде болсаң солай қаш.
КІРЕ БЕРІСТЕ!
- Үйге жақындағанда артыңда біреудің бар-жоғына көңіл аудар.
- Егер біреу келе жатса кіре беріске жақындама, көшеде 15-20 минут жүре тұр, егер бейтаныс ер адам артыңнан қалмаса, ол туралы алдыңнан шыққан кез-келген ересек адамдарға айт.
- Егер үйде домофон болса, кіре беріске кірер алдында өз пәтеріңе қоңырау шалып, ата-анаңа сені қарсы алуын өтін.
- Егер бейтаныс ер адам кіре берісте болса, дереу далаға шық және кіре беріске ересек үй тұрғындарының кіргенін күт.
- Кеш түскеннен кейін кіре берістің алаңқайына шықпа. Қоқысты ертеңгілік уақытта шығарған дұрыс.
- Күтпеген кезде шабуыл жасалса жағдайды бағала және мүмкіндігінше қаш немесе барлық тәсілдермен қорған.