01 Желт 2021
Психологиялық алдын-алу

Мен қайталанбас ерекше тұлғамын!

Мен қайталанбас ерекше тұлғамын!

 

Тренингтің  мақсаты:  «Мен» бейнесін айқындау,оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып,жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау, жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру,өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу, ой-қиялын дамыту.

Түрі: психопрофилактикалық  тренинг

Сынып:3-4сынып

Көрнекілігі және техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта,музыкалық жайлы  әуен,тренинг ережесі,түсті қағаз,грек жанғақтары,медальдер «Мен ғажайыппын!» (әр оқушыға)

Тренинг барысы:

Психолог: Балалар,ыңғайлы отырып, бір-бірімізге қарап әдемі жымиып,қолымызды көтеріп күлейік.Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын.

1.«Сиқырлы қобдиша» (оның ішінде домалақ айна болады).Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мыны қобдишаны бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы қобдишаны алған оны ашып, ішіне қарайсыздар. Оның ішінде жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер.Оған күліп қарауларың керек.

Барлық оқушылар қобдишаға қараған соң, психолог сұрақтар қояды:

-Жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын  бейне кім болып шықты?

– Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

2.«Грек жаңғақтар» жаттығу

Өмірде ұқсас нәрселер көп болады.Қандай ұқсас заттарды білесіздер? Біз мысалы, барлық жасөспірімдер –қырсық ,тәртіпсіз  немесе барлық қытайлықтар бір-біріне ұқсайды дейміз. Жоғарыда айтқандай, барлық адам қайталанбайтын тұлға. Қазір  мен сендерге  грек жаңғақтарды  бір-бірден  таратып беремін. Сіз берген грек жаңғақты мұқият қарап, оның ерекшеліктірін, белгілерін есте сақтаңдар. Біраз уақыттан кейін грек жаңғақтарды жинап аламын. Сендер өз грек жаңғақты табуларыңыз  керек.

Рефлексия. Бір қап  грек жаңғақтардың ішінде сонша тұлға, индивид бар деп кім ойланыпты. Бірақ та жаңғақтарға жақсылап қараған сайын,олардың бір-біріне еш ұқсамайтындығын байқалады.Сендер өз жаңғақтарыңызды қандай  белгілерімен анықтадыңыздар?

Қорытынды:Адамдар қанша бір біріне ұқсаса да ,өз ерекшеліктері болады.

  1. « Мен кіммін».
    Оқушылар алдымыздағы қағазды алып, ортасынан бүктеп, бүктелген жағынан ұстап қолымызбен қиып адам бейнесін жайсаймыз.
    Басына өз есімдеріңізді жазыңыздар, оң қолына жақсы мінезіңіз, сол қолыңызға керісінше жағымсыз мінезіңіз, сол аяғыңызға ұнататын түсіңіз, оң аяғына жақсы көретін адамыңыз, ортасына арманыңызды жазыңыздар. / оқып таныстыру/

4.Ойын басталарда әрқайсыңыз алдарыңыздағы қағаздарды алыңыздар.  Осы қалыпта ұстай тұрыңыздар.

Менің айтқанымды бұлжытпай орындаңыздар.

Қағаздың оң жақ шетін жыртыңыз, енді ортасынан бүктеп оң жағын, ортасынан бүктеп оң жағын. Жалғасады. Енді салфетканы ашып, қараңыз не шықты? Бәріңізде бірдей ме? Неге бірдей шықпады? Бәрміз бір нұсқауды орындадық емеспе?

Қорытынды біз бәріміз әртүрліміз, яғни бір нұсқауды әр оқушы әртүрлі қабылдайды, қайталанбас тұлғамыз.

  1. «Менің ерекшеліктерім,балалық шаққа саяхат»
    Нұсқау:Біз бәріміз қағаздан самолет жасағанды жақсы көреміз,иә,олай болса,қазір самолет жасай қойыңыздар,содан кейін,оның қанатының ішкі жағына өзіңе ғана тән,ерешеліктеріңді жазыңдар.Енді самолетімізді ұшырамыз.Әркім алдына келген самолетті алып,жазуды оқып,кім екенін табу керек.
    Міне сіздер өздеріңіздің бойларыңыздағы жақсы қасиеттерді және өзгелер сіз туралы не деп ойлайтындығын айтып өттіңіздер.
    Ал енді шаршаған шығарсыздар, серігіп алайық.

    6.«Орныңды жылдам ауыстыр»
    Нұсқау: жүргізуші басқалардың киімдерінде көбірек кездесетін затты белгіліп, «Кім шалбар киіп отыр,кімнің шашы сары,кімнің әпкесі бар жылдам орнын ауыстырыңдар» деп команда береді, сол кезде барлық ойыншылар орындарын жылдам ауыстырады. Ал жүргізуші бос орындыққа отырып алады. Орындықсыз қалған ойыншы жүргізуші болып, ойынды жалғыстырады.
    Әрбір оқушы кез-келген жағдайлардан, өзінің шеберлігімен жол тауыпшыға білу керек емес пе?
    Олай болса, біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.

7.Сіздерге кәдімгі күнделікті заттың аты аталады. Сіздің мақсатыңыз осы затты басқаша қолдану. Заттар параққа жазылған, таратылып беріледі.

Заттар: пластик бөтелке, газет, бос қорап, бөтелке тұғыны, қаңылтыр банка, конфеттің фантигі, чемодан.

Қорытынды: Кез келген уақытта оқушыны тартымды нәрсеге қызықтыруға болады. Бала бойынан шығармашылық бастама табылады. Сондықтан алғашқыда қажетсіз деп санаған нәрсеге қолданыс табуға болады.Керек емес нәрсе болмайтыны сияқты,керексіз адам болмайды,әр адамның өз орны бар.


Біз өзімізді, өзгелерді танып біліп жатырмыз. Ендігі кезекте бір-бірімізге есте қаларлықтай сыйлық жасайық.
8. «Сыйлық»
Нұсқау: қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни сол жақта отырған көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық сыйлайсыз оны өзіңіз білесіз, бірақ та сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишра арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей қимыл жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек.
Талқылау:
1) Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?
2) Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?
3) Сізге сыйлық ұнады ма?
4) Қандай әсерде болдыңыз?
Біз бір-бірімізге үнсіз сыйлаған сыйлығымызды алдық. Енді жылы лебізімізді білдірейік.

9.«Күлкі» жаттығу(релаксация)

Күн сайын өзіңе бірнеше минут уақыт тауып көзіңді жұмып,ештеңе ойламауға тырысыңдар. Осы уақыт ішінде жүзіңізде күлкі болуы маңызды. Егер оны 10-15 минут ұстай алсаңыз, сіз

өзіңіздің    қалағаныңызды сезінесіз, көңіл-күйіңіз көтеріледі.Күліп отырғаныңызда сіздің  беттеріңізде қимыл пайда болады.Ол сіздің нерв жүйелеріңізге жақсы әсер етеді.

 

10.«Сен ғажайыпсың!» марапаттау сәті

Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз.Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді.Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға.Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсың!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екенін, ғажайып адам екенін ешкашанда ұмытпаңыздар

12.Рефлексия

Тренинг барысында мен нені ұқтым?

Мен үшін қажетті болғаны?

Маған ұнады

Маған ұнаған жоқ