А.Тайманов атындағы #34мектеп-гимназиясында 5-қараша күні болашақ жас мамандар мектебінің жетекшісі А.О.Муханбетованың ұйымдастыруымен "Табысты оқыту-мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі" тақырыбында жас мамандарға арналған тәжірибе алаңы өтті. Мақсаты: жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау. Сабақты зерттеу әдісінің мақсаттары, әр қадамды жоспарлау, өткізу кезіндегі назарға алыну керек мәселелермен таныстырды. Мектеп психологтері Г.О.Байжиенова, С.М.Муратованың танысу тренингінен бастау алып, жағымды көңіл-күй қалыптастыруда бірнеше тренингтер оздырылды. Бүгінгі жас маман-ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға. Сондықтан, сіздерге тек сәттілік тілейміз.