А.Тайманов мектеп-гимназиясында 3-желтоқсан күні,тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Даналық күні" аясында "Тағылым"әжелер клубы жетекшісі: А.Ж.Утегалиева , "Инабат" қыздар клубы жетекшісі:Г.О.Байжиенова және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен "Қызым саған айтамын... " тақырыбында кездесу сағаты өтті.Шара басталуы әжелер клубы мүшелерін таныстырумен басталып, мектеп-гимназия директоры Е.Е Кадыров кеш қонақтарына алғыс білдіріп, шараның ашылуына алғысөз айтты. Тағылым әжелер кеңесі жетекшісі-А.Ж Утегалиева кеңестің мақсат-міндеті мен мектебімізде дәстүрлі түрде өтіп жүрген іс-шаралармен таныстырды. Шара басы "Әсем әуен" тренингімен басталып қатысушы мектептің оқушы қыздары мен әжелері орындауында "Асыл әжем", "Мен қазақ қыздарына қайран қалам" әндерін орындады. Шара әжелер мен қыздарға арналған ойталқы сұрақтарымен жалғасты.Әжелер өмірден көрген түйгендерін,ақыл-кеңестерімен бөліссе, қатысушы оқушы кыздар да өздеріне қойылған сұрақтарға жүйелі жауап берді. Кеш соңы "Өміріңе немқұрайлы қарама " әнімен қорытындыланды. Шара соңында келген қонақтар өз ризашылықтарын білдірді, шараның жоғары деңгейде өткенін жеткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л,М Ирменова қатысушыларға алғыс айтты.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/15949-yzym-sa-an-ajtamyn-ta-yrybynda-kezdesu-sa-aty-tti.html#sigFreeIde66af10ea0