А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында 07 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік жоспарға сай 9Б-сыныбында "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" атты интеллектуалды-танымдық ойын ұйымдастырылды. Танымдық ойында оқушылар еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерін ұлықтап, тарихи шежірелерге негізделген сұрақтарға жауап беріп, ойын соңында арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.