Жаңа жыл мерекелері – бұл адамдар көп баратын іс-шаралар кезеңі. Өрт статистикасы тап осы жаңа жыл кезеңінде оның арта түсетінін куәландырады. Мерекелерді ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жарақат алуға, мертігуге жол бермеуге, сондай-ақ жаңа жылды аса қауіпсіз қарсы алуға көмектеседі. Қауіпсіздіктің басты ережесі: фейерверк бұйымдарын ешқашан бөлшектемеңіз!
Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:
-пиротехникалық бұйымдарды балаларға ересектердің қатысуынсыз қолдануға.
-пиротехникалық бұйымға механикалық әсер етуге ( басу, ұру, соққы, лақтыру және т. б.). -пиротехникалық бұйымдарды отқа тастауға.
-жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға (бенгаль оттары, торт шырақтары, тарсылдақтардан басқасы). -пиротехникалық бұйымның жұмысы кезінде оған еңкейіп жақындауға. -білтелер (фитиль) өшіп қалған жағдайда оны тағы бір рет тұтатуға. -пайдаланылған пиротехникалық бұйымға оның жұмысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 минут бойы жақындауға, еңкейіп қарауға тыйым салынады.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/15962-pirotekhnika-auipsizdik.html#sigFreeIdcc374ef920