Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас әрдайым бір- бірімен сабақтасып жатуы шарт. Осы мақсатта және мектебіміздің мерей тойына орай тарих бірлестігі ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары мен оқушыларынан құралған командалар арасында "Бағындырған белестер" танымдық ойыны өткізілді.
Ойын ережесіне сай әр топ белестерді бағындыру үшін белгілі бір тапсырмаларды орындап отырды.
Алғашқы белес "Сұрақ- жауап" деп аталды. Бұл кезеңде командалар мектеп өміріне және еліміздің тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Келесі белесті бағындыруда ойыншыларымыз ұстаздардың бала кезіндегі фотосуреттерін қарап, кім екендігін дәлелдеді.
Үшінші кезеңде " Рас және жалған" ақпараттарды анықтады. Одан кейінгі белесте ойыншылар мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары қойған бейнесұрақтарға жауап берді. Ойынымыздың соңғы белесінде ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық дағдылары сынға түсті. Сайысқа қатысқан "Космос","Дауыл", "Дана" командалары өте жоғары белсенділік көрсетіп, білім- білік дағдыларын қолданды. Нәтижесінде "Космос" командасы оза шауып, барлық белестерді бағындырып, жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ойын соңында барлық қатысушылар марапатталды.Білгенін үйретуші ұстаз бен білімге сусындағысы келген шәкір арасындағы игі істер әлі де жалғасын таба бермек.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/17627-staz-ben-o-ushy-arasynda-y-arym-atynas-rdajym-bir-birimen-saba-tasyp-zhatuy-shart.html#sigFreeId2e09bf003a