2021-2022 оқу жылының 24 қаңтар күні 3сынып және 6 сынып оқушыларымен Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамамасыз ету, балаларды көлік құралдарының қозғалысымен таныстыру. Жолда жүру ережелерінің маңыздылығын талдап, балалар аялдама жолдары және көлік жолдары ережелерімен таныстырылды. “Тоқта, қара және тыңда” принциптерімен танысып, үлестірме материал тапсырмасын орындады. “Алиса” оқиғасы оқылып, балалар өз әсерлерімен және түйген қорытынды ойларымен бөлісті. Осы аталған іс-шаралар орындалып, нәтижесінде балалар қауіпсіздік ең басты мәселе екенін ұқты.