26 Нау 2022
Жаңалыктар 34

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында "Қызықты үзіліс" айлығы аясында «Кілт өткізу- тимбилдинг» ұйымдастырылды

Мақсаты: оқушылардың түрлі жағдаяттардан шығуға, логикалық тұрғыда тез әрекет ете білу қабілеттерін дамыту, ұйымдасып жұмыс жасауға баулу, топ құрудың маңыздылығын ұғындыру.
Шарты: оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ұзын жіпке байланған кілтті әр ойыншы өзінің үстіндегі киім бөліктерінен немесе әшекей бұйымдарының көмегімен өткізу арқылы келесі оқушыға жолдауы керек.
Ойын соңында оқушыларға қойылатын сұрақ:
Тапсырмалар орындау барысында сіздерге не көмек берді?
Кілт өткізуде не кедергі болды?