Ең алдымен, 7сыныптың ата-әжелері, оқушылары құрылған киіз үи ішінде отырып, "Ақ тілеудің белгісі-бата" тақырыбында Накрыз мейрамына қарсы бата берілді. Одан әрі, "АТАМЕКЕН" оқушылар ансамблі Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйін орындаса, мұғалімдер оркестрі Құрманғазының күйі "Балбырауынды" нақышына келтіріп орындады. 4сынып оқушылары "Келіншек" күйін орындап, 5сынып оқушысы Сұлтан Уәли Ғ.Құрманғалиевтің "Кел, құрбым" әнін орындады. Халық әні "Еркем-ай" 2а сынып оқушыларына пән мұғалімі Е.Өмірәлі домбырамен орындап берді. Ең соңында, "Шұғыла" би ансамблі "Желсіз түнде жарық ай" биімен қорытындылады.
Қазақ осы -дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы "Өнер алды тіл дитін"
Қазақ осы қарасың ба , ақсың ба
Қоңырсың ба, жатырқауды білмитін
@oral_bilim @bkobilimbaskarmasy @bqobilim
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/18084-a-tajmanov-atynda-y-34mektep-gimnaziyasynda-16-03-k-ni-nauryz-merekesine-oraj-na-yz-aza-dombyra-atty-merekelik-shara-ozdyryldy.html#sigFreeId6e3214b32f