📌2022 жылдың 24 мамырында сағат 13:55 шамасында Жаңақала ауданындағы 35∕10 кВ «Новая Казанка» қосалқы станциясының жабық тұрған жеке аумағына кіріп кетіп, 5 жастағы кәмелетке толмаған бала токқа соғылды.
📌2022 жылғы 24 мамырында сағат 12:00 шамасында Казталовка ауданы, Бостандық ауылдық округі, Ақсуат қыстауында ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылы туылған бала, тоқ кернеуіндегі трансформаторға қолын тигізіп, электр тоғымен зақымданған. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, қолдарының жоғарғы ұштарында күйік бар (4%).
‼️Электр энергиясы қауіптің жоғарғы көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, электр станцияларының иелері (теңгерім ұстаушылары) электр тоғының соғуынан халық арасында жазатайым оқиғалардың туындауының алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдауға міндетті.
Дегенмен, энергетика мамандарының бұл бағыттағы жұмысы жеткіліксіз.
Балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік, ата-ананыңда мойнында.
Электр тоғы адам көзіне көрінбейді, сонымен қатар дәмі мен иісі де жоқ, тиесінше балалар ешқандай қауіпті ажырата алмайды.
Электр жабдықтарына қол жеткізуді шектеу, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалғыз жолы емес. Балаларға негізгі ережелер мен сақтық шараларын үйрету, өте маңызды.
Балаларды электр тогының қауіптілігі туралы дер кезінде хабардар ету олардың өмірін қорғауға және сақтауға көмектеседі.
Балаларды қарапайым қауіпсіздік ережелеріне, оның ішінде электр аспаптарын пайдалануды өз бетінше үйрету, сондай-ақ ересектердің балаларды бақылауы балаларды электр тогының әсерінен қорғаудың негізгі шараларына жатады.