А.Тайманов атындағы 34 МГ «Сабақтағы кері байланысты ұйымдастырудың тиімді әдіс -тәсілдері» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» қысқа мерзімді курстың бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинары 15 –сәуір күні өтті. Мектеп- гимназия директоры Е.Е.Кадыров семинарды ашып, алғы сөзін білдірсе, семинардың өту бағдарламасымен С.Ш.Сапаргалиева таныстырды. Өздерінің біліктілігі мен білім беруде шеберлігін көрсете отырып А.К.Уразова, К.К.Рахимова, Б.И.Карсакбаева, Б.Б.Бекенова, К.У.Тлегенова ,А.Б.Бекжанова, А.Т.Каипова,Л.Б.Куанышкалиева, Л.С.Лукпанова, Д.Е.Есказиева,Б.А.Сахибалиев, Б.К.Базарбаева сынды бастауыш сыныптың мұғалімдері іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға курс тыңдаушылары 50 педагог пен «Өрлеу» тренерлері Багдагуль Беккалиевна және Динара Шынболатовналар қатысып,әсерлі ой пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөліскен мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне растау анықтама табыс етті. Семинарға қатысушылар оқытудың тиімді әдістерін өз тәжірибесінде бөлісетіндіктерін айтып, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.
https://sh34-uralsk.edugov.kz/zhanylyktar-34/19893-aktsionerlik-o-amyny-batys-aza-stan-oblysy-bojynsha-k-sibi-damu-instituty.html#sigFreeIdc886ce1944