Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол ережелерін айыра білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етіп, жол ережелерін білу – өмірі үшін маңызды екенін түсіндіру.
Өткізілген уақыты: 02.09-13.09.2017 жыл
№ |
Іс-шара мазмұны |
Түрі, уақыты |
Қысқаша анықтама |
1 |
Оқушылардың қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік журналын жасап, дайындау |
Журнал дайындау 02.09-11.09.17 |
Сынып жетекшілер өз сыныптарына қауіпсіздік ережелері мен бірге танысу парақтарын дайындайды. Осы қауіпсіздік журналына «Жолда жүру қауіпсіздігін» кірістіріп, тәрбие сағаттарында таныстырып, қол қойдыртты. |
2 |
Жол қауіпсіздігі бойынша сынып сағаттары «Жол тәртібін сақтайық» «Бағдаршамның көмегі» «Айналайын, абайла!» |
Тәрбие сағаттары 11.09-16.09.17 |
Барлық сыныптар жоспарда көрсетілген және басқада жол қауіпсіздігіне байланысты тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарыныңі жоспарларын алдын-ала бекітіп, өткен соң фото есептері мен анықтамаларын тапсырды.
|
3 |
Ата-аналар жиналысында жол қауіпсіздігіне байланысты бейне таспа көрсету |
Ата-аналар жиналысы 11.09-14.09.17 |
2017-2018 оқу жылының басындағы мектепшілік ата-аналар жиналысының күн тәртібіне жол қауіпсіздігі мәселесі енгізілді. Барлық сынып ата-аналарына мектеп директорының тәрбие орынбасарлары А.И.Ихсанов пен Л.М.Ирменова айлық мақсат-міндетімен таныстырып, артынан бейне-ролик көрсетті.
|
4 |
Жолда жүру ережелеріне байланысты «Жол әліппесі» тақырыбында сап түзеу |
Сап түзеу 14.09-15-09.17 |
1-4 сыныптарына және 5-8 сыныптарына кезекпен сап түзеу өткізілді. Сап түзеуде директорының тәрбие орынбасарлары А.И.Ихсанов пен Л.М.Ирменова сөз сөйлеп, балаларға мектеп пен үйлерінің арасындағы қауіпсіздік, соның ішінде жол қауіпсіздігіне назар аудару керектігін ескертті. Артынан мектептің «Жас қырын, Жас жол инспекторлары отрядының» әзірлеген көріністері мен ескертпе сөздеріне кезек берілді.
|
5 |
«Жол қауіпсіздігі – өмір қауіпсіздігі» тақырыбында суреттер көрмесі |
Сурет көрмесі 18.09.17 |
Айлық жоспарына сәйкес сынып жетекшілер мен оқушыларға суреттер сайысы жөнінде хабарланды. 2-4 сынып оқушыларының қатысуымен суреттер дәліздерге ілінді. Апталық қорытындысы бойынша оқушыларға жүлделі орындары үшін грамотолар табысталды. Үздік деген оқушылардың суреттері облысытық «Мен және менің полицейім» тақырыбындағы суреттер сайысына жіберіліп, нәтижесінде 3Б сынып оқушысы Еркін Әдемі -2 орын иеленді.
|
6 |
5 сыныптар арасында жолда жүру қауіпсіздіген негізделген «Мектеп дәлізінде жүру ережесін» ойлап табу |
Постерлар сайысы 18.09.17 |
«Мектеп дәлізінде жүру ережесін» ойлап тауып, постерларда ережені таңба, суреттер арқылы бейнеледі.5-сыныптар әр түрлі жолда жүру ережелеріне ұқсастырып, дәліз ережелері мен таңбаларын ойлап тапты. Сап түзеуде қатысқан сыныптар Алғыс хатпен марапатталды.
|