Кеңейтілген отырысқа министірліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен балалар үйлерінің директорлары, Республикалық директорлар кеңесінің мүшелері қатысты. Диалогтық алаңға 60 адам жиналды, ал алаңның ерекшелігінің бірі Қазақстанның барлық аймақтарының балалары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын талқылау және БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің ұсынымдарына сәйкес балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу.