Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлсара Жылқыбаевна сізді бүгінгі 50 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!
Барша шәкірттеріңіздің атынан:
Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.
Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп!
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
Пайғамбардың жасындасыз, жүз жаса,
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.
Мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!