«Қауіпсіз мектеп»акциясы бойынша мектеп бойынша акцияның мақсатымен, жоспарымен таныстыру мақсатында шұғыл қызметтердің телефондары, сенім телефондары туралы ақпарат беру мақсатында ақпараттық стенд шығарылды.
«Жас қыран»-жол инспекторлары отрядының ұйымдастыруымен «Өмір тамаша» флешмоб ұйымдастырылып, топ мүшелері көше қиылыстарына шығып жүргіншілерге, мектеп оқушыларына жол тәртібін сақтау бойынша жаднамалар таратты. 1-4, 5-7, 8-11сыныптарға қауіпсіздік тақырыбына арналған сап түзеу болып, онда «Қауіпсіздік шұғыласы» сурет байқауында оқушылар қауіпсіздік туралы ойларын қылқаламмен бейнелей білді.
«Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,«Балада интернет-тәуелділіктің қалыптасуының алдын-алу»
«Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды нығайту»,
«Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу».
«Жасөспірімдер суицидінің алдын алу және болырмау»-тақырыптары бойынша және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау,зиянды заттарға әуестігінің алдын алу тақырыптарында педагог-психологтар Г.О. Байжиенова, С.М.Муратова ата-аналар жиналыстарында ақпарат берді.
«Менің Қазақстаным», «Балалар және интернет-қауіпсіздік жолдары», «Түсінбеушілік неге әкеп соғады», «Әке мені вальске шақыр», «Дін және балалар» бейнебаяндары көрсетіліп, тренинг жаттығулар өткізілді. Ата-аналарға сенім телефоны-111 және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефондары ұсынылып, қиын өмірлік жағдайға тап болған кезде көмек беретіні, мектеп психологтарының да әртүрлі балаға қатысты проблемалар бойынша кеңес беретіндігі ата-аналар қатеріне берілді.
Әлеуметтік педагог Г.Т Такаева әлеуметтік аз қорғалған жанұялар жағдайларымен танысып, оқушыларға «Қауіпсіз балалық шақ»атты бейне баяндар топтамасын көрсетті. Барлық сыныптарда «Менің құқықтарым мен міндеттерім», «Қауіпсіз балалық шақ», «Жол жүру ережелері»т.б.тақырыптарда қауіпсіздік сағаттары оздырылды.
«Жол көлік қауіпсіздігі», «Мектептегі, үйдегі, лифттегі қауіпсіздік» тақырыптарында, 5сыныптар буклет жасаса, 6-7сыныптар газет шығарды. Ал дебат клубының ұйымдастыруымен «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында 8-9сыныптар арасында пікірталас ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мониторингі туралы түсіндірілді. Көшеде, мектепте, жолда, үйде, лифтте, қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру бойынша сап түзеу ұйымдастырылып осы тақырыпта дәріс оқылып, қауіпсіздік шаралары тағы есертілді.
Оқушылар арасында достық, жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша 5-сыныптарда психологтар «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»- тақырыбында тренинг оздырды. «Қауіпсіз мектеп» акциясының барысы туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.О.Муханбетова «Жайық ұстазы» газетіне мақала ұсынды. «Қауіпсіз мектеп» акциясы қорытындыланып белсенді қатысушылар мен сыныптар марапатталды.
>
>