2019 жылдың 15-қаңтар күні А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясында «Сағындым сағым жылдар» тақырыбында түлектермен кездесу кеші оздырылды. Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кездесуге барлығы 35 түлек келді. Атап айтқанда 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылының түлектері бас қосты.
Кездесу барысында түлектерге «Мен таңдаған мамандық», «Менің сүйікті оқу орным», «Қызықты студенттік шақ» айдарларымен қызықты тапсырмалар беріліп, олардың пікірлері, ойлары тыңдалды. Сонымен қатар «Блиц» турнир мен студенттік өмірге қатысты сұрақтар қойылып, түлектер тарапынан қызықты жауаптар естідік.
Түлектердің сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері өз түлектеріне жүрек жарды лебіздері мен тілектерін білдірді.
Шара барысында мектеп оқушылары сазды бағдарлама ұсынды. Мектептің биші қыздар тобы кешті қазақ биімен ашты, мектебіміздің мақтаныштары, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұржігіт, Жазира, Жандаурен, Карима мен Жадыра әсем әндерін арнады.
Кездесу соңында түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, мектептің болшақ түлектеріне сәттілік тілеп өздерінің ақыл – кеңестерін айтты.
>
>
>
>
>
>
>
>
>
>
17 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34
«Сағындым сағым жылдар» тақырыбындағы түлектермен кездесу кешінің анықтамасы
Жаңалыктар
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022