17 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық концерті өтті.

2019 жылды 7 ақпан күні Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясындағы «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық концерті өтті.

 

Бұл акцияның негізгі мақсаты: күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.

 

Осы акцияны ұйымдастыруға мектебіміздің ата-аналары, ұстаздары, оқушылары үлкен үлес қосты.

 

Бүгінгі күні – біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Дәл бүгінгідей акцияның жүзеге асуы біздің болашағымыздың жарқын, келешегіміздің жарық болуының айғағы. Акция барысында қамқорлығын аямаған сіздердей жұртшылыққа бар жақсыны тілейміз!