Бүгін білім ордамыз Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған "Рухани-адамгершілік білім - бар білімнің бастауы" атты облыстық семинар оздырылды. Семинар барысында облыс мұғалімдерін түрлі тілектер шеруі тізбеленген тәттілер үлестіріліп жылы шыраймен қарсы алып, МГ директоры Ж.К.Батыров тыңдаушыларға өз лебізін білдірді. 6б және 10а сыныптарында "Сыныптағы достық", "Жарасымды қарым-қатынас" тақырыптарында пән мұғалімдері Сарсенгалиева Г.М, Байжиенова Г.О ашық сабақтар өткізді.
Семинар 5-сыныптарға арналған Есенова Д.Д ұйымдастыруымен "Құндылықтар әлемінде.." атты сахналау сыныптан тыс-шарасымен жалғасты. Жас маман Акаева Г.Н өз ісінің білікті маманы қырынан көрінді. Семинарды қорытындылай келе мектеп психологы Муратова С.М "Бүгінгі күн керемет қой!" рефлексивті тренинг арқылы тыңдаушылардың бүгінгі іс-тәжірибе алмасу бағытында қандай әсер алғандығы жөнінде пікірлері ортаға салынды. БҚО "Өрлеу" ПҚБАИ ДБО тренері Арыстанова Ш.У ұйымдастырушыларға және мектеп әкімшілігіне өз алғысын білдірді. Орал қалалық өзін-өзі тану пәні шығармашылық топ жетекшісі Тлекенова Б.С шәкірттерге, ұстаздарға сәттілік тілеп, семинар жоғары дәрежеде нәтижелі қорытыланды.