30 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

11 «Ә» сыныбында қашықтан өткізілген «Ұлы Абай» атты сынып сағатының анықтамасы

А.Тайманов атындағы № 34  мектеп – гимназиясының  11 «Ә» сыныбында қашықтан өткізілген 

«Ұлы Абай»  атты сынып  сағатының анықтамасы

2020-2021 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек Білім күніне қашықтан 1-11 сыныптар арасында «Ұлы Абай», «Абай-дара, Абай-дана» (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай), «Әл-фараби мұрасы» (ұлы ойшыл Әл-фарабидің 1150 жылдығы), «Біз денсаулықты таңдаймыз» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Осыған орай 11ә сыныбында 1 қыркүйек күні, ZOOM арқылы «Ұлы Абай» тақырыбындағы сынып сағатына Орал ҚБББ басшысы Темірханова Ақжарқын Мүтиғоллақызы; А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясының директоры: Қадыров Елжас Елдосұлы; Көп жылдар бойы мектебіміздің басшысы болған, ардагер ұстаз: Батыров Жұмагелді  Калимұлы қатысты.

Сынып сағатының жүргізілу барысында ең алдымен, оқушылармен амандасып, одан әрі ҚР мемлекеттік Гимні орындалды. Сынып сағатына қатысып отырған арнайы  қонақтарға сөз кезегі беріліп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өздерінің ақ тілектерін білдірді.  

«Миға шабуыл» әдісімен оқушыларға «Абай Құнанбайұлы – Ұлы ақын» тақырыбында бейне ролик  көру арқылы, Абайдың даналығын, көрегендігі мен ақындығы жөнінде құнды мәліметтермен қанықты.

Оқушылардың осы кезге дейінгі алған білімдерін нақтылау мақсатында сыныпты 3 топқа бөліп, 1 топқа «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы», 2 топқа «Абай және рухани жаңғыру», 3 топқа «Абай – іскерлік пен еңбектің ұйтқысы  (мотиваторы)» тақырыптарында топтық жұмыстарын орындады.

 «Мен үшін құнды......»

«Мен үшін  маңызды......»

«Мен үшін қызықты......» рефлексиямен оқушылар сынып сағатын қорытындылады.

Эпидимологиялық ахуалға байланысты қашықтан болса да ,оқушылар сынып сағатында өз ойларын еркін жеткізіп, жоғары дәрежеде  қатысып, белсенділіктерін көрсете білді.  

А.Тайманов атындағы

№34 мектеп-гимназиясының

ДТІЖО: Л.М. Ирменова

 

А.Тайманов атындағы № 34  мектеп – гимназиясының  11 «Ә» сыныбында қашықтан өткізілген  «Ұлы Абай»  атты

сынып  сағатының суреттері