2020-2021 оқу жылындағы «Отбасы – бақыт мекені» Республикалық апталығы аясында 14-21
қыркүйекте өткізілген іс-шаралардың Анықтамасы
Мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Іс-шара атауы |
Түрі |
Уақыты |
Қысқаша анықтамасы |
«Отбасы – бақыт мекені» Республикалық апталығына іс-шаралар жоспарын құру |
жоспар |
09.09. 2020ж |
2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» апталығы аясында мектепішілік жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сай іс-шаралар уақытылы өткізілуі үшін мектептің почтасына және сынып жетекшілердің топтарына салынды. |
«Отан отбасынан басталады» «Бірлігі мықты отбасы – бақытты болашақтың іргетасы» «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» |
Тәрбие сағаты |
14.09. 2020ж |
1-4, 5-7, 8-10 сыныптарға аталған тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: отбасы құндылығы мен беріктігі, туыстарына деген мейірімділіктерін бағалау. Бастауыш сынып оқушылары тәрбие сағаттарында өздерінің отбасыларының суреттерін салып, баяндап берсе. Жоғарғы сынып оқушылары түрлі виктариналық сұрақтарға жауап беріп, жүрек жарды жыр шумақтарымен бөлісті. |
«Отбасы – өмір айнасы» |
Үздік суреттер |
14.09. 2020ж |
Кезекші топтар арасында мектеп дәлізіне тақта орнатылып, «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында суреттерін салып, белсенділік танытты. Мақсаты: отбасындағы өнегелі құндылықтарды көрсету, отбасы мәртебесін жоғарлатуға бағытталған. 5-6 сынып оқушылары арасында қашықтан сурет салып жолдады. Үздік деп танылған суреттер мектеп-гимназиямыздың әлеуметтік парақшаларына otbasybakitmekeni хэштегтерімен жарияланды. |
«Отбасы – татулық мекені» |
фотосурет |
15.09. 2020ж |
7-8 сынып оқушылары арасында «Отбасы – татулық мекені» тақырыбында көп балалы отбасылардың суреттерін мектептің интернет парақшасына 34алғысатанаға хэштегтерімен жарияланды. Мақсаты: ата-анамен баланың арасындағы сыйластық, әке мен ананың отбасындағы беделін арттыру. |
1-5 сынып ата-аналарына мектепке балаларының бейімделуіне байланысты кеңес беру, жаднамалар тарату және презентация |
Жаднама, слайд-шоу |
17.09. 2020ж |
Мектеп-гимназиямыздың психологтары С.М. Муратова және Г.О. Байжиенова 1-5 сынып ата-аналарына балаларының мектепке бейімделуі туралы жаднама және слайд-шоу дайындады. Кзекші топтағы 1 сыныптың ата-аналарына жаднама таратса, 5 сынып ата-аналарына әр сыныптың жеке чаттарына презентацияларын жіберді. Мақсаты: ата-ананың балаға деген ықыласын арттыру. Балаға көңіл бөлу, қолдау, қорғау, мейірімділік сезімдерін ояту. |
«Отбасы – бақыт мекені» Республикалық апталығы бойынша қорытынды ақпаратты әзірлеу |
Қорытынды ақпарат |
18.09. 2020ж |
«Отбасы – бақыт мекені» Республикалық апталығы бойынша жоспарда көрсетілген іс-шаралар уақытында өткізіліп, қорытындылары мектеп-гимназияның әлеуметтік парақшаларына жарияланып, көп қарауға және лүпілге ие болды. Әр іс-шараның анықтамалары мен фотоларын тәрбие бөліміне тапсырды. |
ДТІЖО: Л.М. Ирменова
2020-2021 оқу жылындағы «Отбасы – бақыт мекені» Республикалық апталығы аясында 14-21 қыркүйекте
өткізілген іс-шаралардың Суреттері