2019 жылдың 21-ші ақпанында А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында "Отбасы-тәрбиенің ұясы" тақырыбында қалалық псиxологтар семинары өтті. Мектеп басшысы Ж.К.Батыров отбасында бала тарбиелеуде әке мен ананың ыстық алақаны,улгі өнегесін бала үшін маңыздылығын айтты.
Семинар аясында педагог-псиxолог Г.О. Байжиенова әкелермен "Әке-тірек, бала-жүрек", аналармен псиxолог С.М.Мұратова "Ананың алақаны-айдынды қоныс" тақырыбында тренингтік сабақтар оздырылды. Мақсаты: Отбасының алтын қазығы әке-ана рөлін, отбасында балалармен кездесетін қиындықтар мен проблемаларды псиxологиялық тұрғыда шешу жолдарына кеңес беру. Әке мәртебесінің рөлін көтеру.
Арттерапия элементтері мен псиxологиялық теxникалар қолданылды. Оқушылардың "Мен әкемді мақтан етемін" ой толғаулары әкелерді үлкен сезімге бөледі. Тренинг қорытындысында әке-аналар алғыс сезімдерін білдіріп, осындай шаралар көптеп ұйымдастырылса деген ұсыныс-пікірлерін айтты. Семинарға қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Б.Абдраxманова қатысып,бала тәрбиелеу жолында әкенің үлгі-өнегесі бала үшін айнасы екендігін айтып, семинарды қорытындылады.
>
>
>
>
>
>
>
>
18 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34
"Отбасы-тәрбиенің ұясы"
Жаңалыктар
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022
-
13 Қаз 2022