18 Қырқ 2020
Жаңалыктар 34

«Қазақстан-татулық пен бірлік мекені»

А.Тайманов атындағы №34  мектеп-гимназиямызда Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оның үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарын хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу мақсатында «Қазақстан-татулық пен бірлік мекені» атты әдеби-сазды бағдарлама өткізілген болатын.

 

Шараның құрметті қонағы БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға кеңесшісі Мукатова Айсұлу Жумагазиевна қатысып, сөз сөйлеп, одан әрі концерттік нөмірлермен жалғасты. Қазақ және корей халықтарының билеген «Айтұмар», «Шұғыла» би топтары өз өнерлерімен таң қалдырды. «Әуен» тобы «Бейбітшілік» әнін шырқады. 5-сынып оқушылары өз өлеңдерін оқып, бір шаңырақ астында жиналды. Көрермендер Қара жорға биін билеп, шара «Атамекен» әнін хормен орындаумен аяқталды.