А.Тайманов атындағы #34 мектеп-гимназиясында, 20 қазан күні 5 сынып оқушылары мен ата-аналарына онлайн кездесу сағаты ZOOM платформасында өткізілді. Мақсаты: Орта буынға бейімделуі кезінде психологиялық қолдау көрсету "Мен үшін 5-сынып", "5-сыныптың бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында онлайн вебинар сабақ ұйымдастырылды. Онлайн кездесу барысында психоэмоционалдық күйді бәсеңдету жаттығулары мен қиындықтарды алдын-алуда ұсыныс кеңестер беріліп, ата-аналардың пікірлері тыңдалды.